Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова: Жасым елуге жақындаса да, анам үшін әлі бала екенмін

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова желіде балаларының суреттерін бөлісіп, оларға әсерлі жазба арнады. Ол перзенттеріне деген шексіз махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Керімбекова балалары туралы Instagram парақшасында жазды. Өнер иесі, сонымен бірге, немереге деген махаббаты ерекше екенін айтады.

"Балажанмын! Жарты әлемді араладым, алайда, баланың көңіліндей таза, кіршіксіз мекен таппадым. Ең мақтаулы, ең жылы сөздерді естідім, бірақ, оның ешқайсысы немеремнің тіліндей тәтті емес!

Ұлдарым ер жетті, төбемнен қарап тұр, десе де, мен үшін әлі бала! Біз де елуге жақындадық, анам үшін менің өзім әлі бала екенмін! Дүниенің ғажайыбы - ана мен бала! Әндерім көпшілікке ұнап жатады, ендігі арманым - балалардың жүрегіне жақын ән жазып, орындау", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға өзінің ыстық ықыласын білдірді.

"Балапандарыңыз аман болсын. Әркез қолдаушыңыз болсын", "Бұйыртса енді перзенттеріңіздің қызығын көріңіз", "Балаларыңыз ер жетіп қалыпты ғой", "Немеренің орны бөлек болады", "Бақытты болыңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972355-aqbota-kerimbekova-zasym-eluge-zaqyndasa-da-anam-usin-ali-bala-ekenmin/

pixel