Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызымен түскен суретін бөліскен Тамара Асарға ел сүйсінді

Жарияланған күні:

Тамара Асар қызымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар желіде кішкентай қызымен түскен суретін жариялап, елді сүйсінтті. Қалың көпшілік анасы мен баласына жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар аталмыш фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің қызын құшақтап тұрғанын көруге болады.

Айта кетерлігі, анасы мен сәбиі де қызыл түсті киім киіп алған. Өнер иесі перзентімен түскен суретін жариялап, барша балаларды мерекесімен құттықтап өтті.

"Балалар күні құтты болсын. Әр ананың етегінен ерген еркелері аман, дендері сау, болашақтары жарқын болсын! Мерекеңмен шүкірім. Бала нешеге келсе де, ана үшін мәңгі бала. Үлкен жігіт болғандарды да құттықтаймын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Тамара Асар мен қызына тамсана қарап, оларға ақ тілегін жолдады.

"Көз тимесін", "Балапаныңыздың қызығын көре беріңіз", "Сондай тәтті балақай", "Денсаулығы мықты болсын. Анасындай елге сыйлы азаматша болсын", "Болашағы жарқын, жолы ашық болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972383-qyzymen-tusken-suretin-bolisken-tamara-asarga-el-suisindi/