Айгүл Иманбаева Тасмағамбетовпен түскен суретін жария етті (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық эстрада жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовпен түскен суретін жариялады. Олар бір тойда кездесіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева аталмыш фотоны Instagram парақшасында бөлісті. Онда әнші мен саясаткер думанды тойда жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары әртістің жариялаған суретін талқыға салып, оларға қатысты пікірін жазды. Кейбір оқырмандар өнер иесін сынға да алған.

"Аман жүрсін! Елге келгеніне қуанып жатырмыз", "Қандай бақытты жансыз. Иманғали ағамен кездескендер де, кездеспегендер де бар", "Біздің Имеке. Қайда жүрсе де аман болсын", "Бұл тарихи тұлғамен бәріміз де суретке түскіміз келеді", "Иманғали ағамыздың өмір жасы ұзақ болсын", Бәріне жабыса берді ғой. Жағымпаздық секілді", "Көрген көзге ұяттау әрбір ер адамға жабысып суретке түсе беру. Тіпті өнер адамы болсада", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972421-aigul-imanbaeva-tasmagambetovpen-tusken-suretin-zariya-etti-foto/

jitsu gif