Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онымен ешкімді салыстырмау керек": Алмат Сақатов Димаш Құдайберген туралы ойын айтты

Опубликовано:

Алмат Сақатов сұхбат барысында
Видеодан кадр: Youtube/Жылқышыбаймен // Уақыт көрсетеді

Қазақстандық актер Алмат Сақатов Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірді. Өнер иесі оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын беру орынды ма деген сауалға өз ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алмат Сақатов Димашты бұған дейін сынға алған Мұрат Құсайыновқа жауап берді. "Дос-Мұқасан" әншісі Құдайбергенге аталмыш марапат тым ерте берілгенін айтқан болатын.

Ал Сақатов Димашты ешкіммен салыстыруға келмейтін дарын иесі ретінде сипаттады. Бұл туралы актер nege.kz сайтына бірген сұхбатында айтты.

"Қайраткер деген атақты алу үшін өнерде кем дегенде 20 жыл жүру керек. Ал бес жыл жүріп, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алғандар көп. Бірақ Димаш Құдайбергеннің орны бөлек. Димаш – феномен. Онымен ешкімді салыстырмау керек. Ол халықаралық сахнаны бағындырған өнерпаз. Ол "дүниежүзінің әртісі" деген атақты алды. Оны атақты Айман Мұсаходжаева, сосын Димаш Құдайберген ғана алды. Головкин де солай.

Бұл кісілердің дарыны шеңберге сыймайды. Өзін миллиардтарға дәлелдеп тастаған. Оларға бір жеңіспен ғана атақ беруге болады. Өйткені, Қазақстанның атын шетелге шығарып жатыр. Әнші Бақыт Шадаева "Димаштың дауысы қойылмаған. Тыңдармандарынан кешірім сұраймын" деді. Ол кәсіби маман ретінде айтты. Димаштың дауысы – табиғи дауыс. Оның дауысын қойып та керегі жоқ. Мен Қазақстаннан шыға алмай жатқан жастар туралы айтып отырмын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972424-onymen-eskimdi-salystyrmau-kerek-almat-saqatov-dimas-qudaibergen-turaly-oiyn-aitty/

pixel