Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жабайылар": Павлодарда өткен концертте көрермендер Қайрат Нұртасқа қарай ұмтылған (фото, видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: t.me/baspasozpvl

Танымал әнші Қайрат Нұртас Павлодар жағалауындағы Ertis Promenade сахнасында өткен концерттің басты қонағы болды. Іс-шара мемлекеттік рәміздер күні құрметіне ұйымдастырылған. Мерекелік кеште өнер иесінің жанкүйерлері қоршау сыртында тұрмай, сахнаға қарай ұмтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауыша, Ertis Promenade сахнасындағы концерт 3 маусым күні өткен.

Іс-шарада Иса Байзақов атындағы филармония әртістері, Ибрагим Ескендір, Kalifarniya мен Қайрат Нұртас ән шырқаған.

Көптің сүйіктісі Қайрат Нұртас өнер көрсетіп жатқан кезде көрермендер сахнаға қарай жүгіріп, әншіге ұмтылған. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнежазбаны көрген қазақстандықтар өнер иесінің жанкүйерлерінің іс-әрекетін сынап тастаған.

"Жабайылар", "Құдай-ау, сонша не болды", "Қонақтардан ұят болды-ау", "Мұндай адамдар үшін мен ұялып отырмын", "Жарайсыңдар, қаламыздың атын шығардыңдар", "Түк көрмеген сияқтысыңдар", - деп жазуда олар.

Дегенмен павлодарлықтардың іс-әрекетіне түсіністік танытқандар да табылған.

"Жанкүйерлері әншімен жақынырақ танысқысы келді, онда тұрған не бар", "Балаларды қуып жатыр ма?", "Әншілер Павлодарға жиі келуі керек, сонда сағыныштары басылады", - дейді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972525-zabaiylar-pavlodarda-otken-koncertte-korermender-qairat-nurtasqa-qarai-umtylgan-foto-video/

pixel