Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтуден шаршады": Димаш Құдайбергеннің ұстазы халықтың тұрмысын жақсартуды сұрады

Опубликовано:

Димаштың ұстазы
Марат Әйтімов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Талантты әнші Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов Ақтөбедегі № 68 участкеде дауыс берді. Содан кейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері тілшілерге болашақтан не күтетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін жауапты күн. Бүкілхалықтық референдум. Мен өз даусымды бердім. Халықтың оянып, жаңа бір өмірге бетбұрыс жасайтын кезі келді. Халық күтуден шаршады. Мен елдің жағдайы жақсарады деп қатты үміттенемін. Қазір қымбатшылық мәселесі қайта-қайта көтеріліп жатыр. Бұл қарапайым халық үшін өте қиын. Алысқа бармай-ақ қояйын, туысқандарымның, жақын адамдарымның арасында тұрмысы төмен отбасылар бар. Алатын айлықтары азғантай. Мынадай қымбатшылық заманда күнкөріс қиын.

Көп нәрсе материалдық жағдайға байланысты. Сондықтан, халықтың тұрмысы жақсарса дейміз, басқа ештеңе керек емес. Мемлекетіміздің оған толық мүмкіндігі бар. Пайдалы қазбаларға бай елміз. Биліктің халыққа тура қарайтын мезгілі жетті. Халық билікке емес, билік халыққа жұмыс істейтін уақытта тұрмыз. Ең басты тілегім - адамдардың құқықтық жағынан мүмкіндігі жақсарып, материалдық жағы жақсарса екен", - дейді Марат Әйтімов.

Белгілі әншінің ұстазы шәкіртімен әлі де тығыз байланыста екенін айтты. Сонымен қатар ол ешкімге айтпаған сырларымен бөлісіп, ақылдасып тұратын кездері болатынын да жасырмады.

 "Димашпен әрдайым байланыстамыз Қазір екі әжесімен мұсылмандық парызын өтеп, Мекке қаласында жүр. Мен барлық шәкірттерімді мақтан етемін. Димаш- орны бөлек шәкірттерімнің бірі. Ол қазақтың мақтанышы", - деген ұстазы болашақта талантты шәкіртімен бірге ән айту жоспарда барын да айтып қалды.

"Бір әнді қосылып орындаймыз деген жоспарда бар. Әзір жүзеге аспай жатыр. Жаңа ән немесе халық әні болуы мүмкін", - дейді Әйтімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972622-kutuden-sarsady-dimas-qudaibergennin-ustazy-xalyqtyn-turmysyn-zaqsartudy-surady/

pixel