Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Референдумға қатысып, дауыс берген жұлдыздар кім

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

5 маусым, референдум күні өзінің азаматтық борышын өтегендер қатарында жұлдыздар да белсенділігімен көзге түсті. Отандық өнер жұлдыздары Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдумға қатысып, өз дауысын берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елімізде өткен референдумға қатысқандардың бірі Мәдина Сәдуақасова білдірді.

"Бұл өзгерістер тек жақсылыққа деп білемін! Жаңа Қазақстанды қолдаймын", - деп жазды әнші.

Бағлан Әбдірайымов та азаматтық парызын орындап, Конституцияға түзетулер енгізуге қатысты өз таңдауын жасады.

Меруерт Түсіпбаева да Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс бергенін айтты.

"Сиқыршы сырттан келіп, бізді түзете алмас! Белсенділік танытып, өзгерісті, өзімізден дәл бүгін бастағанымыз жөн! Көш жүре түзеледі! Мен елімнің жарқын болашағы үшін дауыс бердім", - деп жазды әртіс.

Мұқасан Шайзадаев та әріптестерінен қалыспай, ел үшін маңызды референдумға қатысты. Ол "Жаңа Қазақстан" бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Тележүргізуші Дина Төлепберген өз дауысын Армениядағы Қазақстан елшілігінде берген. БАҚ өкілі бүгінде ел аралап, саяхаттап жүр.

"Биылғы бесінші маусымды мен Ереванда қарсы алдым. Таңғы сағат 10.00-де біз әріптестерімізбен ҚР Армениядағы елшілігіне бардық. Үміт еткеніміздей, мұнда Арменияда жүрген Қазақстан азаматтары үшін сайлау учаскесі жұмыс істеп тұрды. Төлқұжатымызды көрсетіп, бюллетень алдық. Дауыс бердік. Шынын айтсам, бұл менің шетелде жүріп, тұңғыш дауыс беруім", - деп жазды ол.

Әнші Бүркіт те өзінің сайлау учаскесіне арнайы барып, азаматтық парызын орындаған.

"Азаматтық борышымызды орындадық! Еліміз жасасын! Өзгерістер тек жақсылық әкелсін халқымызға", - деп жазды жұлдыз.

Сондай-ақ референдумға қатысқан жұлдыздар қатарында актриса Альмира Тұрсын, Актер Азамат Сатыбалды, әнші Айдар Тұрғамбек, Сәкен Майғазиев, Луина, ақын Бауыржан Жақып және тағы да басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972687-referendumga-qatysyp-dauys-bergen-zuldyzdar-kimder/