Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Жыл патриоты" атанды (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Қазақстандық танымал кино және телепродюсер Гүлнұр Мамасарипова ерекше наградамен марапатталды. Ол "Жыл патриоты" номинациясын жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі продюсер бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол бұл жетістікке жетер жолда өзіне қолдау білдірген қалың көпшілікке алғысын білдірді.

"Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мені өз саламның үздігі деп танып, бүгін "Жыл патриоты" номинациясы бойынша марапаттады. Мәз боп, марқайып қалдым. Не айтып, не қойғаным есімде жоқ, әйтеуір лық толы зал қатты қошемет көрсетті. Көрермендерім ғой, алғысым шексіз. Құттықтау қабылдауға дайынмын. Алла абырой берсін қашанда", - деп жазды Мамасарипова.

Желі қолданушылары продюсерді жарыса құттықтап, оған жылы лебізін білдірген.

"Әбден лайықтысыз. Елінің нағыз патриоты сіз", "Керемет. Марапатыңыз құтты болсын!Еңбегінiз жана берсiн! Мереке құтты болсын", "Өте лайықты марапат. Сіз үшін қатты қуанып тұрмын", "Сіз түсіретін туындылар бірден көрерменнің ыстық ықыласына бөленеді", "Нағыз шедеврлардың авторы. Жарайсыз. Еңбегіңіз елене берсін", "Тағы керемет кино және сериалдар күтеміз", - деп құттықтауда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972696-prodyuser-gulnur-mamasaripova-zyl-patrioty-atandy-video/

pixel