"Жұғысты болсын": Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне көлік сыйлады (фото)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

Әнші Жігер Ауыпбаев әкесіне көлік тарту етіп, оған естен кетпес тосынсый жасады. Алайда өнер иесі бұл темір тұлпарды тек уақытша жүргізе тұруға берген. Әкесі көлік тізгіндеуді үйренгеннен кейін әртіс оған басқа авто сыйлайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын Жігер Ауыпбаев Instagram парақшасында бөлісті. Әнші асқар тау әкеге көлік тарту ету мүмкіндігі көпшілікке жұғысты болсын деп тіледі.

"Әкемізге кішігірім сыйлық жасаған едік. Сіздерге де жұғысты болсын. Жақсылықты бөліссең көбейеді дейді ғой. Әзірге көлік жүргізіп үйреніп алғанға дейін 2-3 ай осы көлікпен жүре тұрамыз. Одан кейін тағы да бөлісеміз. Ол кезде көрімдік сұраймыз. Тегін көру жоқ енді. Ата-ана сенің жақсылығыңа ең лайықты адамдар. "Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары өнер иесінің игі ісіне тәнті болып, оған өз мақтауын аямады.

"Жарайсыңдар. Әкеге сыйлық жасау бөлек қой", "Қандай керемет жаңалық. Отбасыңызда қуанышты жағдайлар көп бола берсін", "Құтты болсын, астында тозсын", "Көпке үлгі болар жансыз. Сізді мақтан тұтамыз", "Ата-ана разылығын алу, оларды қуанту басты мәртебе. Жарайсыз, Жігер," - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972770-zugysty-bolsyn-ansi-ziger-auypbaev-akesine-kolik-syilady-foto/

jitsu gif