Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаевтың үшінші перзенті дүниеге келді

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев жарымен
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan

Танымал актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаевтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің үшінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Қоянбаевтың келіншегі оған ұл бала сыйлаған. Сүйінші хабарды белгілі продюсер Алпамыс Шәрімов жеткізді.

"Сүйінші. Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев пен жеңгеміз Айгерімнің шаңырағында жаңа періште дүниеге келді! Бауы берік болсын! Қазақ еліне + 1 батыр", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға деген ақ тілегін жолдады.

"Бауы берік болсын. Әкесіндей елге сыйлы азамат болғай", "Дені сау болсын. Өмірдегі жолы ашық болсын", "Құттықтаймыз. Нұрландай жігіттер қазағымда көбейе берсін", "Әкесі секілді қазақтың біртуар азаматы болсын", "Сіздер үшін қуаныштымыз. Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972882-nurlan-qoyanbaevtyn-usinsi-perzenti-duniege-keldi/

pixel