Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы ұлым аман-есен болсын": Сәдуақасова тағы да балалы болуға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова желіде оқырмандарымен сырласып, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы өзінің көптен жасырған құпиясы бар екенін айтып, тағы да балалы болуға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында оқырмандардың сұрағына жауап берген. Олардың бірі одан ешкіммен бөліспеген құпиясы бар-жоғын сұрады.

Өнер иесі бұл сауалға "иә" деп жауап берді. Алайда ол не жайында екенін ашып айтпады.

Сонымен қатар әртіс тағы да балалы болуға қатысты өз ойын жеткізді. Ол екінші перзентті дүниеге әкелу әзірге жоспарда жоқ екенін айтты.

"Әзірге жоқ. Осы ұлым аман-есен болсын", - деп жазды ол.

Оған қоса әнші өнердегі әріптесі Назима Жәнібекова туралы пікір білдірді. Сәдуақасова оны қатты сыйлайтынын алға тартты.

"Назима өте ақылды, талантты, іші де, сырты да сұлу ару. Онымен кез келген тақырыпта сөйлесе беруге болады. Оны жақсы көремін, сыйлаймын. Тіпті көп нәрсе үйреніп келемін десем де болады", - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972885-osy-ulym-aman-esen-bolsyn-saduaqasova-tagy-da-balaly-boluga-qatysty-zauap-berdi/

pixel