Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай шетелде демалып жатқан өнер жұлдыздары кім

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары бүгінде бірінен соң бірі шетелге шығып, саяхаттап жүр. Өнер өкілдерінің қай елдерде демалып жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Актриса Гүлназ Жоланова қазіргі уақытта Мысыр елінде демалуда. Ол бұл саяхатына белгілі блогер Нұрлан Батыров пен тележүргізуші Әділ Лиянмен бірге барған.

Олар әлемге әйгілі пирамидалар маңынан сурет пен видеоларын бөлісті.

Айгүл Иманбаева мен Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде Черногория елінде саяхаттап жүр. Олар Instagram желісінде әсем жерлерде түскен суреттерін жариялап, өз әсерін бөлісуде.

Ал Мөлдір Әуелбекова биыл жұлдыздар жаппай барған Түркия мемлекетінде демалып қайтуды шешкен.

Тележүргізуші Дина Төлепберген қазіргі уақытта Арменияда саяхаттап жүр. Ол референдумға сол мемлекеттен қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972911-zappai-setelde-demalyp-zatqan-oner-zuldyzdary-kim/

pixel