Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның 60 жас мерейтойын тойладық": Балжан Бидаштың анасы көркімен көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Опубликовано:

Балжан Бидаш ата-анасымен
Фото: instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш алғаш рет өз ата-анасы туралы айтты. Ол өзінің өнерлі отбасында дүниеге келгенін жеткізді. Сөзінше, әкесі мен анасы да жылдар бойы мәдениет саласында қызмет еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балжан Бидаш жақында ғана анасының 60 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ол Instagram парақшасында думанды шарадан фото мен видео жариялап, ата-анасына әсерлі жазба арнады.

Әнші ару туғаннан бастап өнердің ортасында жүргенін айтты.

"Ауылда анашымның 60 жас мерейтойын тойладық! Аллаға шүкір, 33 жылдан бері ата-анам осылай қол ұстасып, әндерін бірге айтып келе жатыр. Әкем мультиинстурменталист, композитор, ұстаз.

Анам әнші, мәдениет үйінің басқарушысы болып, әкем екеуі Сыр өңірінде 30 жыл қызмет жасады. Біз осындай өнерлі жанұямыз. Екі ағам және мен, үшеуімізді өнерге баулып өсірді.

Туылғаннан өнердің ортасында жүріп өстік. Әке, ана, бейнеттің зейнетін көріп, немерелер қызығына тоймай, бақытты болып жүре беріңіздер! Біз сіздерге өмір бойы қарыздармыз. Тойларыңыз құтты болсын", - деп жазды ол.

Оған қоса Балжан Бидаш желіде енесімен түскен видеосын да бөлісті. Енесі мен келіні аталмыш тойға бірдей көйлек киіп барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972937-anamnyn-60-zas-mereitoiyn-toiladyq-balzan-bidastyn-anasy-korkimen-kopsilikti-suisindirdi-foto/

pixel