Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерге іңкәр, өмірге құштар еді": Шәмші Қалдаяқовты еске алған Нұрғали Нүсіпжанов көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Нұрғали Нүсіпжанов Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің жанында
Видеодан кадр: Instagram/nurgali_nusipzhanuly_resmi

Қазақ эстрадасының дүлдүлі Нұрғали Нүсіпжанов әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алып, оның ескерткішіне арнайы барып қайтты. Өнер иесі оның мүсініне бас иіп, көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрғали Нүсіпжанов Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне барған сәтінен Instagram парақшасында видео жариялады. Онда әртіс композиторға құрмет көрсетіп, оның алдында бас иіп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі қазақтың біртуар тұлғасына жазба арнап, ол туралы естеліктерін бөлісті.

"Шәмші ағам өнерге іңкәр, өмірге құштар еді. Ол кісінің әнге деген сый-құрметін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазақ теле, радиосында қызмет етіп жүргенімде сиясы кеппеген дүниелерін жөргекке ораған сәбидей көтеріп келетін бекзат болмысын айтсаңызшы.

"Шәке-ау, бұныңыз не, шаршап-шалдықпай-ақ Алматыға қатынап жатқан көп жолаушыдан беріп жібермедіңіз бе" деп айтсам жарықтық: "Нұрғаш айналайын-ау, бұл әнді өзіңе арнап жаздым, мойныңа ілген аманатымды қабылдағайсың, қарғам", - деуші еді. Саналы ғұмырымда аға аманатына қиянат жасамауға тырысып келем. Бәріне халқым төреші", - деп жазды Нүсіпжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973081-onerge-inkar-omirge-qustar-edi-samsi-qaldayaqovty-eske-algan-nurgali-nusipzanov-koz-zasyna-erik-berdi-video/