"Үш айда көлік алдым": ТМД елдеріне танымал алматылық рэп орындаушысы өзінің табысы туралы айтты

Опубликовано:

Асха Принц
Видеодан кадр: Қызық Live

Қазақстан ғана емес ТМД елдеріне аты шыққан алматылық рэп-орындаушы, Асха Принц лақап атымен танылған Асхат Рысбеков Қызық Live жобасында алғаш рет қазақ тілінде сұхбат беріп, көрермендерін қуантып тастады. Желі қолданушылары Youtube-тан миллиондаған қаралым жинап жүрген рэпердің қарапайымдылығы мен ана тілінде таза сөйлейтініне риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асха Принц Алматыда туып-өскен. Негізгі мамандығы - бағдарламалаушы, IT-маманы. Жақында 32-ге келген репэр өнерге келмей тұрып, банкте өз мамандығы бойынша жұмыс істеген. Алайда шығармашыл жан бір жылдан соң өнерге бет бұруды жөн көрген.

Бүгінде Асха Принц өз туындыларын түрлі музыкалық платформаларға орналастырып, ол жерден айтарлықтай табыс тауып отырғанын айтады.

"Негізгі табыс көзі - музыка, тыңдалымға байланысты. Spotify, Apple music платформаларынан келетін табыс бірінші кезекте, екінші табыс көзі - концерт. Платфомалардан келетін табыс әрқалай, үш айда көлік сатып алуға болады. Мысалы, мен өзім үш айда 2010 жылғы Mersedes E алдым. Бұрын бұндай жол жоқ еді, музыканы желіге жүктейсің, бірақ саған ақша төленбейтін. Өз шығармашылығыңнан машина алғаныңа қуанасың", - дейді Асха Принц.

Қазақстандық рэпер сондай-ақ өзінің жаңа шыққан альбомы туралы, алдағы жоспары туралы айтты.

Қызық live жобасының көрермендері Асхаттың сұхбатын көріп, оның қарапайымдылығы мен байсалдылығына тәнті болып, ризашылығын білдіруде. Олар Асха принцтің қазақша сөйлегенін алғаш рет көріп тұрғандарын, ана тілін жақсы білетініне таңқалуда.

"Қанша жылдық еңбек қой. Қазақшасын көрсетіп, шығармашылығын ашқандарыңызға рахмет! Балуан Шолақты (сарай) жинаған жалғыз рэпер ғой. ТМД-ға шығарып, көрсетіп, дамытып, мақтануға тұрарлық жан ғой жалпы", " Өте қарапайым, сабырлы жігіт. Қазақ рэпінің нағыз “принці”. Жарады", - дейді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973093-us-aida-kolik-aldym-tmd-elderine-tanymal-almatylyq-rep-oryndausysy-ozinin-tabysy-turaly-aitty/

jitsu gif