Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Желге ашыла қоймайды": Ерке Есмахан ерекше образын паш етті (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде жаңа образын паш етіп, оқырмандарын қуантты. Олар өнер иесінің мінсіз мүсініне тамсанып, мақтауын асырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан ерекше образын Instagram парақшасында көрсетті. Ол ақ түсті киіммен түскен видеосын жариялап, өз талғамына қатысты желідегілердің пікірін білмек болды.

Эстрада жұлдызы аталмыш бейнежазбаны Дубайдағы қымбат қонақ үйлердің бірінде түсірген.

"Қалпақты қайдам, үстімдегі көйлегім жақсы сияқты ия?! Анау-мынау желге ашыла қоймайды-ау", - деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары бірден әртістің жаңа образын қызу талқылап, оған қатысты өз ойын айтты.

"Тал бойында бір мін жоқ", "Сізге бәрі жарасады", "Не деген керемет образ. Бұрынғы заманның сән үлгісі бүгінде хит", "Әппақ көйлек киген әппақ Ерке. Осылай елге еркелеп жүре беріңіз", "Талғамыңыз ерекше. Образдарыңыз да қайталанбас", "Түк жарасып тұрған жоқ", "Қылықты аруға бәрі жараса кетеді", "Біртүрлі секілді", - деп жазған оқырмандар.

Айта кетейік, бүгінде Ерке Есмаханның парақшасын 6,7 млн адам қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973124-zelge-asyla-qoimaidy-erke-esmaxan-erekse-obrazyn-pas-etti-video/

pixel