Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Jah Khalib қызымен түскен алғашқы суретін жариялады

Опубликовано:

Jah Khalib қызымен
Фото: Instagram/jahkhalib

Отандық танымал рэп орындаушы Jah Khalib желіде кішкентай қызымен түскен суретін жариялап, елді қуантты. Өнер иесі мамыр айының басында алғаш рет әке атанған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Jah Khalib-тің қызды болғаны бірер күн бұрын ғана белгілі болды. Әншінің анасы Ләззат Мамедова немересіне Сафия деген есім қойылғанын да бөлісті.

Жұлдызды әкенің өзі де Instagram парақшасында қызымен түскен алғашқы фотосын жариялауды жөн көрген. Суретте әртістің презентханада сәбиінің қасында отырғанын көруге болады.

Аталмыш фото бір түн ішінде 200 мыңнан астам лүпіл жинап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Желідегілер әкесі мен қызына сүйсіне қарап, оларға жылы лебізін білдірді.

"Көз тимесін. Сафия үлкен азаматша болсын", "Құттықтаймын. Бұл нағыз қуанышты жаңалық болды. Сізге әке болған сондай жарасады екен", "Енді әндері одан бетер жақсара түсетінін анық", "Балапанның қызығын көре беріңіздер. Артынан інілері мен сіңлілері ере берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973270-ansi-jah-khalib-qyzymen-tusken-algasqy-suretin-zariyalady/

pixel