Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылына бір рет көріп кетеді": Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлымен қарым-қатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлымен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты. Сөзінше, әкесі мен баласы жылына бір рет қана көріседі. Өнер иесі олардың болашақта жақынырақ араласқанын қалайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде бұрынғы күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Әнші әкесі мен баласының бүгінгі қарым-қатынасы қандай екенін айтты.

"Бір жылда бір келіп көріп кетеді. Осы биылғы ораза айынан бастап, екі ай болды көмектесе бастады. Рахмет. Не түрткі болғаны маған белгісіз. Бір-бірін жақын танып, араласса - қуанамын. Бірақ балам қанша әкесін есіне салып, мақтап отырсам да әзірге онша елемейді. Себебі әкесі бауырына баспаған. Алдағы уақытта ол да түзелер", - деп жазды әртіс.

Оған қоса өнер иесі ұлы мен қызы өзі үшін нағыз үлкен мотивация екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова он жылда қатты өзгеріп кеткенін алға тартты.

"Ол кезде Моля болдым. Қазір Аллаға шүкір Мөлдірмін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973314-zylyna-bir-ret-korip-ketedi-auelbekova-buryngy-kuieuinin-ulymen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/

pixel