Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - рухани ауру": Бағлан Әбдірайымов құмар ойыннан шығу жолдарын айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов өзінен құмар ойындарға деген әуестікті қалай жеңуге болатынын сұраған оқырмандарына жауап берді. Өнер иесі бұл жаман әдеттен құтылудың жолдарын атап, келелі кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов өзіне келіп түскен көптеген сауалдан кейін Instagram парақшасында жазба жариялады. Эстрада жұлдызы көпшілікті мазалаған мәселеге қатысты өз ойын айтып өтті.

Оған қоса ол құмар ойындардың шырмауынан үшін не істеу керектігін түсіндірді.

"Көпшілік құмар ойынның шығу жолын айтшы" дейді. Ақшаң бітіп, дымың қалмай, басар жерің болмай, итке сүйек қарыз болғанда өзің-ақ қоясың немесе бәрі жабылып арыз жазғанда, сотталып тынасың. Кеткен уақыт, төккен абырой, тозған жүйкені көтере алсаңыз, онда соңына дейін ойнаңыз. Әзіл болса да, расы - сол. Ол тамыр басып, анализ тапсырып, дәрі беріп, нақты диагнозбен емдейтін ауру емес, есте сақтап алыңыз!

Бұл - рухани ауру. Қазбалай берсең қоғам, орта және ата-ана да кінәлі болуы мүмкін. Оны мамандар түсіндірер. Ал енді емін сұрайтындарға. Психологқа барасыз ба? Молдаға барасыз ба? Жоқ, жатып оңалту орталығынан оңалып шығасыз ба? Сізге ешкім дөп басып айта алмайды. Оны бір Алла біледі. "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды" дегендей қыр соңымнан қалмайтын сұрақ болды.

Шын адасқан адам үшін YouTube-та сұхбатым толып тұр. "Ақ пен қара" деген кітабым тұр. Ол аз десеңіз "Уақыт қадірі" әніне клип түсті. Көріңіз, тыңдаңыз, оқыңыз да - шешім шығарыңыз. Бәс тіккенге басыңыз жетті ғой. Ойынды қоюға да жетеді. Таңдау жасау өз қолыңызда", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973352-bul-ruxani-auru-baglan-abdiraiymov-qumar-oiynnan-sygu-zoldaryn-aitty/

pixel