Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев үшінші сәбиін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев
Видеодан кадр: Instagram/koyanbayevnurlan

Қазақстандық продюсер, актер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. Әлеуметтік желідегі оқырмандары жұлдызды отбасын қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірнеше күн бұрын актердің үшінші баласы дүниеге келді. Нұрлан мен Әйгерім жаңа туған сәбиінен бөлек, бір ұл мен қызды тәрбиелеп отыр.

"Құттықтауларың үшін көп рахмет! Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев өзінің Instagram парақшасында.

Ол желіде перзентханадан әйелі мен ұлын шығарып алу сәтінен видео жариялады.

Әйгерім мен жаңа туған сәбиді перзентханадан шығару салтанатына Нұрланның туыстары, жақын достары, сондай-ақ әріптестері келді. Қоянбаев әйелін үлкен гүл шоғымен қарсы алды. Түрлі-түсті шарлар, құшақ-құшақ гүлдер, қуаныш иелерінің көтеріңкі көңіл күйі бұл күннің есте қаларлықтай өтуін қамтамасыз етті.

Нәрестені бірінші қолына атасы алып, немересіне тілегін айтып, Нұрлан Қоянбаевтың қолына ұстатты.

Продюсердің оқырмандары, әріптестері, жұлдыздар Ерке Есмахан, Әсел Сағатова, Динара Сәтжан, Құмар Лұқманов, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі және тағы басқалары жұбайларды құттықтауда. Олар жаңа туған бала мен анасына денсаулық тілеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973484-nurlan-qoyanbaev-usinsi-sabiin-perzentxanadan-san-saltanatpen-sygaryp-aldy-video/

pixel