Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз емеспін": Актриса Альмира Тұрсын жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты

Опубликовано:

Альмира Тұрсын
Фото: Instagram/almiratursyn

Отандық танымал актриса Альмира Тұрсын жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі бүгінде кездесіп жүрген азаматы бар екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеке өмірін барынша ел талқысына салғысы келмейтін Альмира Тұрсын бұл жолы көпшіліктің толассыз сұрақтарынан кейін нүкте қоюды шешкен. Ол бүгінде жалғыз емес екенін растады.

"Жеке өмірімді көпшілікке жария етпеймін! Көрсетпеймін, айтпаймын. Жоқ, жалғыз емеспін! Мен анамын, қызбын, әпкемін. Менің отбасым, достарым, сүйікті адамым және сіздер, менің бақылаушыларым және оқырмандарм барсыздар", - деп жауап қайтарды ол.

Альмира Тұрсынның Stories-i
Скриншот: Instagram/almiratursyn

Сонымен қатар актриса ер адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты.

"Бұл сұраққа жауап берген едім. Тағы қайталап өтейін: Құдайға сенімі бар, өмірлік ұстанымдары бар, тектілігі, ақыл мен мінезі, даналық пен парасаттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, мейірімділік, жомарттық, зейінділік пен сезімталдық, әзілі, тазалық пен талғамы және стилі болғаны жақсы. Бұл – бірінші пункті", – деп жазды Альмира Тұрсын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973770-zalgyz-emespin-aktrisa-almira-tursyn-zeke-omirine-qatysty-bar-syndyqty-aitty/

pixel