Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басым бос": Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева желіде жеке өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесі қазіргі уақытта басы бос екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Қырықбаева Instagram парақшасында өзіне келіп түскен сан түрлі сұрақтарға жауап берді. Эстрада жұлдызы бүгінде арқа сүйер азаматы жоқ екенін ашық айтты.

"Жоқ, менің жігітім жоқ. Мен басы бос қызбын", - деді әнші.

Динара Қырықбаеваның Stories-і
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Оған қоса желідегілер әртістің үнемі көңілді жүретініне қызығып, оның сыры неде екенін сұрады.

"Ол да өнер. Күліп жүре бер! Instagram-да өмірдің 5-10 пайызын ғана көресің. Жалпы әр түрлі жағдайлар болады. Көңіл-күйің болмайтын күндер болады. Бірақ әрқашан көңілді болуға тырысу керек. Өзіңіз үшін, отбасыңыз үшін", - деп жауап берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973803-basym-bos-dinara-qyryqbaeva-qarym-qatynasy-turaly-aitty/

pixel