Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілмансұр Серіковтың төртінші перзенті дүниеге келді (видео)

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Фото: Instagram/serikovmansur

Қазақстандық танымал актер Әбілмансұр Серіковтың отбасында қуанышты жаңалық. Өнер иесінің төртінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Актердің келіншегі оған ұл бала сыйлаған.

"Достар, мен төртінші мәрте әке атандым, Аллаға сансыз шүкір. Барлық құттықтауларыңызға, тілек-ниеттеріңізге рахмет. Алла разы болсын. Сіздерге де осындай қуаныш жұғысты болсын", - деді Әбілмансұр Серіков.

Актердің өнердегі достары да оны желіде құттықтап, ақ тілегін жолдауда.

Айта кетейік, бұл Әбілмансұр Серіковтың екінші некесінде туған екінші ұлы. Өнер иесінің бірінші некеден де екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973867-abilmansur-serikovtyn-tortinsi-perzenti-duniege-keldi-video/