Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал орындаушылардың басын біріктірген Beu фестивалі қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Beufest
Фото: Beufest

11 маусым күні Алматыдағы "Сұңқар" шаңғы трамплиндер кешенінде Beu фестивалі өтті. Сүйікті әртістерін тыңдау үшін кешке еліміздің түкпір-түкпірінен 7000-нан аса көрермен жиналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, көптен күткен шараға билеттер бір айдан аз уақытта сатылып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фестивальде Youtube топ-чарттарынан түспеген барлық әуен орындалды. Әртістер музыкалық бэндтермен, жанды дауыста өнер көрсетіп, өз хиттерінің мүлдем жаңа тынысын көрсетті. Олардың қатарында Raim, Наzима, Kalifarniya, Ғалымжан Молданазар, Мархаба Сәби бар. Бұл қатарды The Limba, Darkhan Juzz, Ninety One мен тағы басқа орындаушылар толықтырды.

Beufest
Фото: Beufest

Бұдан екі жыл бұрын ғана ел алдында шыққан Jeltoksan тобы ауқымды алаңда алғаш рет ән айтты. Оның сөзінше, фестивальді үш блокқа (инди, поп және хип-хоп) бөлу ұйымдастырушылар тарапынан жасалған керемет қадам болған.

"Біз фестивалге бір айға жуық дайындалдық. Мен бұл қойылымға өте жоғары жауапкершілікпен қарадым, өйткені үлкен алаңда жоғары дәрежені, әндер мен музыканың барлық әлеуетін көрсеткім келді. Бәрі жақсы болатынына сенімді болу үшін арнайы вокал сабақтарын алдым. Мен үш әнді бэндпен бірге жанды дауыста орындадым. Мүлдем жаңа дыбыс шықты", - деді әртіс.

Beufest
Фото: Beufest

õzen-нің ең ерекше әрі талантты әртістерінің бірі dudeontheguitar, алдымен көрермендерді өзінің музыкалық арсеналының ең үздіктерімен қуантты, содан кейін оған Hey Monro қосылды. Әртістер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай шығарған "Boiy Bulgan" әнін орындады.

"Фестивальдің атауын алғаш естігенде бірден халық " Беу! О, айхай!" деп айқайлайтын айтыс есіме түсті. Әртістер үшін бұл өте шабыттандыратын сөздер болған. Маған ұнады. Ал сахнаны көрсеткенде, бірден масштабты түсіндім. Мен үлкен алаңдарда өнер көрсеттім, бірақ мұндай аппаратурамен емес. Біз өте ұзақ дайындалдық және қатты қобалжыдық. Бірақ бәрі шынайы және жарқын шықты!", - деді олар.

Beufest
Фото: Beufest

Бұл кеште 20-дан астам әртіс өнер көрсетті.

Nazima
Фото: Beufest

Сондай-ақ сахнада Қырғызстаннан келген - Ulukmanapo және Bakr, Өзбекстаннан - Ato Woody орындаушылар ән айтты.

Beufest
Фото: Beufest

Кешке эстониялық тыңдарман Наиля Арола да келіп, жақсы әсер алып қайтқанын айтты.

"Қазақстанға демалысқа келген едім. Осы шараның дәл осы сәтпен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Өзім үйде қазақ тілін үйренемін. Ұстазым жоқ. Эстонияда да қазақстандық шараларға көп қатысуға тырысамын.

Қазір Kaifarniya мен Qanay-ды сүйіп тыңдаймын. Одан басқа да әртістерді білемін, бірақ соңғы тыңдағаным - осы орындаушылар. Қазақстанда өзімді жайлы сезінемін", - деді ол.

Наиля Арола
Наиля Арола. Фото: Жеке мұрағат/ NUR.KZ

Beufest
Фото: Beufest

Ал финалда көрермендерді үлкен тосынсый күтіп тұрды. Концерт қарсаңында фестивальде өнер көрсетпейтінін айтқан "Ирина Кайратовна" сахнаға шықты.

"Біз мұнда келмей қоя алмадық, өйткені сіздер бізден сұрадыңыздар", - деді Алдияр Жапарханов сахнадан.

ИК - дан кейін бұл атмосфераны Ninety One жалғастырды.

Beufest
Фото: Beufest

Айта кетейік, күзде фестиваль атауымен радио іске қосу жоспарлануда. Осылайша, жас орындаушылардың жеке өзіндік толқыны пайда болмақ. Фест логотипіндегі жақшалар дәл осыған нұсқайды.

"Біз Нұр-Сұлтанда 100 және Алматыда 97.7 FM толқынын алдық. Эфирде жаңа тректердің тұсаукесерлері, подкасттар, live-қойылымдар, авторлық шоулар мен бағдарламалар болады. Бұл біздің заманауи қазақстандық музыкамыздың барлық жаңа трендін көрсететін радио болады. Одан да көп жаңа есімдерді ашу үшін біз фестивальге қатыспағандардың барлығының бізге қосылғанын қалаймыз", - деп бөлісті ((beu fest))-тің бас продюсері Жаннұр Айдарбекова.

Beufest
Фото: Beufest

Beufest
Фото: Beufest

((beu fest)) жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973868-almatyda-tanymal-oryndausylardyn-basyn-biriktirgen-beu-festivali-qalai-otti-foto/

pixel