Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызай Дүйсенбиева: "Шаншар" мен "Алдараспанда" таппаған несібемді осы жылы берді

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш әрі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің "Шаншар" мен "Алдараспан" театрларындағы жұмысын есіне алып, қос театрдың сол кездегі басшыларына реніші болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі кезінде Уәлибек Әбдірайымов пен Нұржан Төлендиевке ренжігенімен, бүгінде олар жайында ойы қате болғанын алға тартты. Дүйсенбиева өз сәтсіздігіне әзілкештерді кінәлағаны үшін өкінетінін жеткізді.

Актриса қос ұжымда өнер көрсетіп жүріп таппаған табысына осы жылы қол жеткізгенін айтты.

"2003 жылдан 2012 жылға дейін "Шаншар" мен "Алдараспанда" жұмыс істедім. Сондағы тоғыз жыл. Алты жыл "Шаншарда", үш жыл "Алдараспанда" өтті. Сол кезде ойбай, "Шаншардан" ақша таппадым, "Алдараспаннан" ақша таппадым" деп жыладым. "Не үйім жоқ, не күйім жоқ, ойбай" деп жыладым. Өйткені, мен былай ойладым: "Неге менің еңбекақымды дұрыс бермеді?" деп. Демек, ол маған бұйырмаған дүние екен, ол менің несібем емес. Солардың несібесі. Болды кетсін, соларға бұйырсын.

Былтыр жұрттың бәрі карантинде отырып, адам ақша таппай жатқан кезде Құдай көзімді ашып, бір жұмысты бастадым. Бір жылда сол "Шаншар", "Алдараспанда" жүрген кездегі таппаған несібемді Алла тағала осы жылға әкеліп берді.

Демек, ол өзіңе берілетін жай ғана несібе екен, біз оны біреуден көрмеуіміз керек екен. "Маған Уәлибек бермеді, маған Тука бермеді" деп айтқаныма қазір өкінемін. Мен дұрыс ойламаппын", - деді ол "Тәлім ТВ" арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973924-zuldyzai-duisenbieva-sansar-men-aldaraspanda-tappagan-nesibemdi-osy-zyly-berdi/

pixel