"Ақтық сапарға шығарып сала алмадым": Тахмина Әшімбекова марқұм анасына қатысты өкінішін айтты

Опубликовано:

Тахмина Әшімбекова
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Отандық танымал әнші Тахмина Әшімбекова марқұм анасын есіне алып, оның ауыр қазасы жайлы айтты. Өнер иесі анасымен қоштасып үлгермей, тіпті ақтық сапарына да қатыса алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тахмина Әшімбекова өміріндегі ең үлкен өкініші туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді. Ол басынан өткен ауыр кезең жайлы жан сырын ақтарды.

Әнші байқаудан келгенде ғана анасы өмірден өткенін естіген.

"Мен "Азия дауысына" қатысуға  дайындалып жүргенмін. Ол кезде "Азия дауысы" деген ең абыройлы байқау еді. Анам шығарып салды. Пойызға дейін келді. Пойызға міндім де, қайта шықтым. Анамды ұзақ құшақтап, бетінен сүйдім. Кейін пойызға отырған соң, қатты жыладым. Кейін неге жылаймын деп өзімді бастым. Бұл анамды соңғы көруім екен. Соны сезсем керек.

Менің әпкем қасымда болды. Маған ешнәрсе айтпады. Мені уайымдамасын деген. Байқаудан қайтқанда көзіне жас ала берді.

Ешнәрсе айтпады. Үйге келгенде бәрі көңілсіз. Анамды сұрап едім, Таразға кетті деді. Сенің өнеріңді теледидардан көруге кетті деді. Бір күні көршілер кіріп келді де, көңіл айтты. Төбемнен тас түскендей болды.

Анам мені күткен екен. Жаны қиналған соң бәрі әпкемді Тахмина келді деп көрсеткен. Анам осыдан соң бақиға аттаныпты. Ақтық сапарына шығарып сала алмағаныма өкінемін. Тірі жүре тұрғанда деп ойлайсың. Біздің қолымызда ешнәрсе жоқ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973928-aqtyq-saparga-sygaryp-sala-almadym-taxmina-asimbekova-marqum-anasyna-qatysty-okinisin-aitty/

jitsu gif