Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарасымды отбасы": Әли Оқапов ата-анасымен түскен мұрағаттық суретін бөлісті

Жарияланған күні:

Әли Оқапов ата-анасымен
Фото: Instagram/aliokapov

Әнші Әли Оқапов желіде ерекше отбасылық суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Қалың көпшілік жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әли Оқапов мұрағаттық фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Суретке әншінің кішкентай кезі бейнеленген. Онда ол ата-анасымен бірге отырғанын көруге болады.

"Кейбір суреттерді мың рет көрсең де, беретін әсері қайталанады. Ностальгия мен сағыныш жылдар өте келе күшейетіні сөзсіз. Кезінде фотоаппаратпен түскенді міндетті түрде фотосалоннан шығарып, альбомда сақтайтынбыз. Қазір ол әдет, өкінішке қарай, ұмытылды. Жарасымды жанұя", - деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары Әлидің Роза Рымбаева мен Тасқын Оқаповпен түскен суретіне жарыса пікір білдірді.

"Әли әкең сені мақтан тұтады", "Асылдың тұяғысың, айналайын, Тасқын бауырым өнердегі үзеңгілесім еді. Шырағы сөнбейді өздерің барда, амандық тіледім", "Қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Тасқын ағамыздың жаны жәннатта болғай", "Әкесінің баласы. Қандай керемет сурет. Бұл нағыз ерекше естелік қой", " Әкеңіздің абыройын тек асқақтатып келесіз, Әли. Ата жолын жалғар саналы ұрпақтары көбейе берсін. Жаны пейіште екені сөзсіз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973946-zarasymdy-otbasy-ali-oqapov-ata-anasymen-tusken-muragattyq-suretin-bolisti/