Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені барынша өзгертуге тырысты": Әнші Назима сәтсіз махаббаты туралы айтып берді

Опубликовано:

Назима Жәнібекова
Фото: Instagram/13nazima

Әнші Назима Жәнібекова өзінің өткен өмірін есіне алып, сәтсіз аяқталған қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Сөзінше, сүйіктісі оның жеке шекарасынан өтіп, барынша өз ыңғайына қарай өзгертуге тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назима Жәнібекова Instagram парақшасында қыз-келіншектерге өзінің өмірінен мысал келтіре отырып, кеңес берді.

"Мені барынша өзгертуге тырысты, ішкі шекарамнан аттап өтті. Мен осындай қарым-қатынаста болғанмын. Сезімдерім мен әсерлерімді ағамдай келе, мынадай шешімге келдім: сені ешкім сындырмау керек.

Ата-анаң да, достарың да, сүйікті адамың да. Себебі сені шынайы жақсы көретін жандар сені қалай барсың, солай қабылдайды. Өз жүрегіңді тыңда. Егер ішкі уайым болса, кетіп қалғаның дұрыс", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, оның дұрыс шешім қабылдағанын жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973951-meni-barynsa-ozgertuge-tyrysty-ansi-nazima-satsiz-maxabbaty-turaly-aityp-berdi/

pixel