Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елеусіз қалып жатамын": Сазгер Қуаныш Құрманбаев Ернар Айдарға деген ренішін айтты

Опубликовано:

Қуаныш Құрманбаев
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Отандық танымал композитор Қуаныш Құрманбаев әнші Ернар Айдарға деген өкпе-назын айтты. Сазгер кезінде әртістің бірқатар әнін өңдеп, талай хитін жазып берген. Алайда кейіннен екеуінің арасында түсінбестік туындап, олар біраз уақыт бойы араласпай кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуаныш Құрманбаев не себепті Ернар Айдармен арақатынасы бұзылғанын "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.

"Арамызда екі-үш жылдай кішігірім жағдайлар болды, түсініспеушілік болды. Білесіздер ғой, өнер адамдарына сәл бір нәрсе жақпай қалса дереу ренжіп қаламыз. Иә, арамызда мәселе болды. Оның бір сөзімен келіспей қалдым. Сол кезде Ернар Айдарға ренжідім.

Бірақ қазір мен ешбір шәкіртіме ренжімеймін. Ернарға да, Ораз деген шәкіртіме де. Осы сіздердің бағдарламаларыңызды көре жатар. Бәріне сабақ болсын деп айта кетейін. Қанша жылдан бері хабарласпай қойды. Хабарласпай қойғаннан кейін "жететін жеріне жетіп алды ғой, өсіп кетті ғой, адам танымай кетті ғой" деп ойлайсың.

Біз де пендеміз ғой. Оларға ренжуге де болмайды екен. Өссін, өңсін. Сәлеміміз түзу болып, сыйласып жүргенге не жетсін? Шәкірттерім сыйлап жүрсе, маған ештеңе керек жоқ. Маған олардың олардың байлығы, олардың табысы, маған бөліп беріп жатқан ештеңесі жоқ.

Ернар екеуміздің арамызда болған мәселеде ол кішілігін танытып, кешірім сұрады. Менде жақсы көремін Ернарды.

Оның адамгершілігі бір төбе, өте жақсы жігіт. Оны жамандыққа қимаймын. Ол менің болашақта үлкен үміт күттіретіндей шәкірттерімнің бірі. Шындығын айтқан кезде, Ернар Айдардың ауызында жүрген екі ұстазы бар. Олар — Бауыржан Есебаев пен Қуаныш Құрманбаев. Бірақ көп ортада Бауыржан Есебаевтың аты аталады. Шын мәнінде оған үйретіп, терін төгіп жүрген мен шетте қалып кетіп жатамын.

Менің атым шыға қойсын деп таласып жүрген мен жоқ. Бірақ біздің осындай еңбегімізді айта жүруіміз керек. Жасыратын болсақ ешкім білмейді ғой", - деді сазгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974019-eleusiz-qalyp-zatamyn-sazger-quanys-qurmanbaev-ernar-aidarga-degen-renisin-aitty/

pixel