Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық жігіт Say Mo-ның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Жарияланған күні:

Атыраулық жігіт Say Mo-ның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: NUR.KZ

Атырауда Infinity JAZZ Fest-2022 жазғы фестивалі дүркіреп өтті. Онда қазақстандық рэп орындаушы Say Mo өнер көрсетті. Қала тұрғындары әншінің өнерін тамашалап қана қоймай, ерекше сәтке де куә болған. Әртіс ән шырқап жатқанда сахнаға ер адам шығып, өз сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Концерт кезіндегі ұсыныстың видеосы бірден әлеуметтік желілерге тарап, қызу талқыланған. Бейнежазбада атыраулық Асланбек есімді жігіт сахнаға көтеріліп, сүйіктісі Айдананы сахнаға шақырады. Жиналған халық та жігітті қолдап, қыздың есімін бірге қайталайды.

Ер адам сүйіктісі сахнаға шыққан бойда ұсынысын айтып, оған жүзік пен құшақ гүлін тарту етеді. Көзіне жас алған ару ойланбастан "иә" деп жауап берген.

Бұл ерекше сәтке куә болған Say Mo да жастарды құттықтап, өз ақ тілегін айтты.

Атыраулық жігіт Say Mo-ның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: NUR.KZ

Мұндай тосын сыйды күтпеген болашақ қалыңдық NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, өз әсерін бөлісті. Қос ғашық үйлену тойы өтетін күнді де белгілеп үлгерген екен.

"Бұл концертке мені құрбыларым мен жігітім екеуіміздің ортақ достарымыз шақырды. Мен бірден келістім. Say Mo менің сүйікті рэп-әншілерімнің бірі. Бірақ маған жігітім сахнада көпшіліктің алдында ұсыныс тастайды деп мүлдем ойламадым. Мұның барлығын менің туған әпкем ұйымдастыруға көмектескен. Осы айдың аяғында "Сырға салу" рәсімі өтеді",- деді Айдана Бисекеева.

Айдана медициналық клиникада қызмет етеді, ал болашақ жары – жеке кәсіпкер. Той күнін 23 қыркүйекке белгілеген.

Дильназ Бирманова,

Атырау

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974027-atyraulyq-zigit-say-mo-nyn-koncertinde-suiiktisine-usynys-zasady/