jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Алла сақтаған": Әнші Толқын Забирова жол апатына түсті (фото)

    Толқын Забирова ауруханада
    Фото: Instagram/tolkynzabirova

    Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Толқын Забирова жол апатына түсіп, ауруханада жатыр. Өнер иесі желіде суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Толқын Забированың жол апатына түскені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші жол-көлік оқиғасы қалай орын алғанын айтып, өзінің қазіргі жағдайын бөлісті.

    Өнер иесі орын алған жол апаты салдарынан жоспарлап қойған бірқатар шараға қатыса алмайтын болған. Ол әзірге ауруханада жатыр.

    "Алла сақтаған. Алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға не болмаса ұялы телефонына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға таң қалам.

    Бұл не? Жауапкершілік қайда⁉️ Өзіңді ойламасаң, айналадағы адамдарды ойлау керек емес па? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің машинаны соққан жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбеппін. Ол телефонына қарап отырып, тормозды басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты.

    Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жағдайын санамағанда). Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек па, жоқ па? Сабақ болсын деп жазалауым керек па? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша", - деп жазды әнші.

    "Алла сақтаған": Әнші Толқын Забирова жол апатына түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.