Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зарина Омарова туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Әнші Зарина Омарова жаңа жасын ерекше атап өткен. Эстрада жұлдызы атаулы күнге орай барша жақындарының басын қосып, естен кетпес кеш ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зарина Омарова туған күнін елордадағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Ол өзін құттықтап келген көпшілікке үлкен дастархан жайып берген.

Әншінің жаңа жасын бірге тойлауға оның ең жақын құрбылары мен өнердегі достары келген. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Argonya, Мөлдір Мұқанова, Майра Ілиясова және тағы да басқалары бар.

Қайрат Нұртас пен Argonya туған күн иесінің құрметіне ән шырқап, меймандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Омарованың құрметіне ұйымдастырылған кештің қалай өткенін Instagram желісінен көруге болады. Туған күн қонақтары отырыстан түрлі фото мен видео жариялауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974156-zarina-omarova-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel