Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанболат ұялып кетеді": Көңілі босап кеткен Жазира Байырбекова той кезінде жылап қалды (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде кезекті тойдың видеосын жариялап, көпшілікке өзінің жылап жатқан сәтін көрсетті. Өнер иесі өзінің тым көңілшек адам екенін айтты. Сөзінше, оның бұл қасиеті үшін күйеуі Жанболат Ербатыров ұялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байырбекова аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялады. Онда әртістің тойдан шығайын деп жатқан кезде көз жасын тыя алмай жатқанын көруге болады. Ал күйеуі Жанболат Ербатыров бұл сәтте оның үстіне киімін жауып жібереді. Кейін әнші отағасының артынан далаға шығып кетеді.

Эстрада жұлдызы көңілшектігі үшін өзі де ұялатынын жасырмады. Ол қалың көпшіліктен қалай өзгеруге болатынын сұрады.

"Тойдың аяғында көңіл босайды. Менің көңілімнің бостығынан өзімнен бұрын Жанболат ұялып кетеді. Қалай өзгерем?", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, өз ойларын жазды.

"Мұның еш ұят нәрсесі жоқ. Жүрегі жұмсақ адамсыз, табиғатыңыз сондай. Бар болғаны осы", "Кейін қызыңызды қалай ұзатасыз", "Әпкешім табиғатыңыздағы бар дүние ғой. Жүректі жандар жылайды", "Іште қалып қойған ой бар болса да көңіл босап кетеді. Журегі жұмсақ",- деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974307-zanbolat-uyalyp-ketedi-konili-bosap-ketken-zazira-baiyrbekova-toi-kezinde-zylap-qaldy-video/

pixel