Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа біреудің қолынан ас ішпейді": Зарина Омарова күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Әнші Зарина Омарова отбасылық өмірі мен шығармашылығына бірдей қалай үлгеретінін айтты. Өнер иесі үйінде тамақты өзі ғана жасайтынын жеткізді. Сөзінше, күйеуі басқа ешкімнің қолынан ас ішпейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зарина Омарова он жылдық декреттік демалыстан соң, сахнаға қайта оралуына отағасының септігі мол болғанын жасырмайды. Күйеуі оның шығармашылығын қайта жандандыруына қолдау білдірген.

Сол себепті бүгінде әртіс отбасылық өмірі мен өнерін қатар алып, бәріне үлгеруге тырысып жүр.

"Жолдасым үнемі қолдайды деп айта алмаймын. Бірақ әйел адам болғаннан кейін, бәріне үлгеруің керек. Аллаға шүкір, бәріне үлгеріп жүрмін. Менің жолдасым басқа біреудің қолынан тамақ ішпейді. Түскі асты тек үйден ішеді. Егер мен өзім бір жаққа кететін болсам, бәрін дайындап кетемін. Күшті, тез дайындалатын еуропалық тағамдар тауып алып, соларды жасап беремін. Күйеуіме ұнайды. 

Барлығы өз қолыңда. Бәріне үлгеруге болады. Ең бастысы, менің сахнаға деген сағынышым, ынтам. Ең бастысы, күйеуімнің айтқан бір сөзі бар: "Менің артымнан қанша қала аралап жүрдің. Он жылыңды маған, менің жұмысыма арнадың. Енді сенің кезегің", - деді. Бірақ ол менің артымнан жүрмейді, өйткені ол ер азамат", - деді Омарова "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974373-basqa-bireudin-qolynan-as-ispeidi-zarina-omarova-kuieui-turaly-aitty/

pixel