Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Актриса Жәния Джуринская тұңғышын дүниеге әкелді. Өнер иесі өмірге қыз баланы әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты отағасы Данияр Хизметов өзінің Instagram парақшасында жария етті. Ол көпшіліктен сүйінші сұрап, алғаш рет әке атанғанын хабарлады.

Сондай-ақ Хизметов өзіне тұңғышын сыйлаған әйеліне алғысын білдіріп, оған мақтау сөздерін жолдады. Айта кетерлігі, жұлдызды әке босану үрдісіне қатысып, келіншегіне қолдау білдірген.

"16.06.2022 күні сағат 14:57-де біз ата-ана атандық. Махаббатым, рахмет саған", - деп жазды ол.

Жұлдызды жұптың достары мен барша желі қолданушылары оларды жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

"Құттықтаймыз. Бұл күнді сендермен бірге асыға күттік. Балапанның дені сау болсын. Үлкен азаматша болып өссін", "Қандай керемет жаңалық. Ата-ана болуларыңмен", "Қызыңыздың дені сау болсын. Өмірде жолы ашық болсын", "Анасы мен қызына денсаулық тілейміз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974493-zaniya-dzurinskaya-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel