Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарындасымның пәтерінің ақшасын салдық": Әлішер Кәрімов қаржы пирамидасына алданғанын айтты

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Фото: Instagram/alisher_k

Әнші Әлішер Кәрімов қаржы пирамидаларына жүгінемін деп қомақты қаржысынан айырылғанын айтты. Өнер иесі мұндай жағдайға үш рет тап болғанын мойындады. Соңғысында тіпті бір пәтердің ақшасын салып жіберіп, оны қайтара алмай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлішер Кәрімов басынан өткен сынақ туралы "1001 түн" бағдарламасында айтып берді. Ол қаржы пирамидаларына таныстарына сеніп жүгінгенін айтты.

"Негізі мен қаржы пирамидаларына сенбейтінмін. Алғаш рет түскенде жақын досым хабарласып: "Әпкем мазамды алып жатыр. Адам төзгісіз болып кетті. Ақшаң болса, сол компанияға кірші" деді. "Қазір ақшаң бар ма?"  деді. Тойдан шыққан кезім, 2,5 мың доллардай ақшам бар еді, соны апарып бердім. Бір аптадан кейін сол пирамида жабылып қалды. Екінші рет бір миллион теңге салдым. Ол кезде қараша айы еді, "мамырда аласың" деді. Одан бері алты мамыр өтіп кетті, ақша жоқ.

Үшінші рет қарындасымның пәтерін саттық. Менімен бірге тұрғысы келді. Ол ақшаны бірдеңеге салу керек болды. 10 жыл араласқан досымның кеңесімен пирамидаға бар ақшаны салдық, сонымен жоқ", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974593-qaryndasymnyn-paterinin-aqsasyn-saldyq-aliser-karimov-qarzy-piramidasyna-aldanganyn-aitty/

pixel