Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма": Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде жеке өміріне қатысты толассыз сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі тұрмысқа шығу жайлы өз ойын айтты. Ол өзін бақытсыз адам ретінде санап жүргендер қатты қателесетінін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, өз жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты.

Оқырмандарының бірі әртістен қашан тұрмысқа шығатынын сұрады.

"Мені күйеуге жіберіп, өздерің менсіз не істемекшісіңдер? Неге сұрай бересіздер? Мені күйеуісіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма? Қателеспеңіздер", - деп жауап берді ол.

Оған қоса желідегілер өнер иесінен қалың малы жайлы білгісі келді. Ерке Есмахан бұл жайында тіпті ойланбағанын айтты.

"Тіпті ойланбаппын. Қанша десем дұрыс болады? Жаза кетіңіздер", - деп оқырмандарына жүгінді ол.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Сондай-ақ эстрада жұлдызы адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтып берді.

"Шынайылық әрқашан озады. Сөзбен істің қатар жүргенін. Юмор", - деп жазды Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974788-kuieusiz-baqytsyz-dep-oilaisyzdar-ma-erke-esmaxan-zeke-omirine-qatysty-zauap-berdi/

pixel