Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас су жаңа қымбат көлігін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас өзіне су жаңа көлік сатып алды. Өнер иесінің таңдауы Mercedes-Benz маркасының LUX сериясына түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалықты әртістің анасы Гүлзира Айдарбекова бөлісті. Ол Instagram парақшасында ұлының су жаңа көлігін көрсетіп мақтанды.

"Ал балам, құтты болсын. Ақ тұлпарың астында тоза берсін. Өмірің оза берсін. Анаң көлігіңнің алдында рахаттанып отыра берсін. Баламның отырғаны менің отырғаным ғой", - деді продюсер.

Белгілі болғандай, Қайрат Нұртас Mercedes-Benz AMG-S63 автокөлігінің иегері атанған. Бұл аталмыш марканың LUX сериясындағы темір тұлпар болып саналады.

Желі қолданушылары әртістің қуанышына ортақтасып, оған өз құттықтауын жаудырды.

"Бізге де жұғысты болсын", "Қайреке, лайықтысың. Темір тұлпарың жаңа жетістіктерге апара берсін", "Әрқашан жолың ашық болсын", "Мынадай көлік бізге арман ғой. Қайрат нағыз мотиватор", "Қазақтың жалғыз аңыз адамы. Алсын, мінсін, жарайсың Қайрош астыннан тозсын, аман бол, жорытқанда жолын болсын бауырым", - деп тілек білдірді халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974792-qairat-nurtas-su-zana-qymbat-koligin-korsetti-video/

pixel