Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын болды": Жанель Мақажан күйеуінің отбасымен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Актриса Жанель Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуінің туыстары некесіне қатысты қандай ойда болғанын айтты. Өнер иесі олардың разылығын алу аса қиынға соққанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанель Мақажан күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы жақсы басталмағанын айтып, өзінің жан сырын ақтарды. Абай Асылханның жақындары одан сегіз жас үлкен әрі екі баласы бар әйелді оның келіншегі ретінде қабылдай алмаған.

"Қиын болды. Оның ата-анасы, әпкелері, туыстары мен достары тарапынан сын мен айқай көп болды. Оған жас мәселесі мен балалар себеп болды. Көбіне ата-аналарға қолайлы келін керек.

Бірақ бұл мен жайлы емес. Бұл ұзақ уақыт бойы жалғасты. Абай екеумізге қиынға соқты. Алайда ол шешім қабылдаса, оны Алла тағаладан басқа райынан ешкім қайтара алмайды.

Ол "мен жаратушыға сенемін, өз таңдауымды оған сеніп тапсырдым" деп нүктесін қойды", - деп жазды актриса.

Жанель Мақажанның Stories-i
Скриншот: Instagram/janellemakajan

Айта кетейік, бұл Жанель Мақажанның екінші некесі. Әртістің таңдауы өзінен 8 жас кіші актер Абай Асылханұлына түскен. Қос ғашық өткен жылы мешітте некесін қидырып, ерлі-зайыпты атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974858-qiyn-boldy-zanel-maqazan-kuieuinin-otbasymen-araqatynasy-turaly-aitty/

pixel