Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаша еркелеймін": Айгүл Иманбаева ата-анасымен қарым-қатынасына тоқталды

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева ата-анасымен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде ата-анасы туралы жазба жариялап, бүгінде олармен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді. Өнер иесі қазіргі уақытта ата-анасына бала секілді еркелейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында ата-ананы ренжітпей, көзі тірісінде оларды барынша еркелетуге шақырды. Эстрада жұлдызы қандай жағдай болмасын оларды кешіруге тырысу керектігін айтты.

Сонымен қатар өнер иесі ата-анасымен түскен суретін жариялап қойды.

"Әкеңізді, анаңызды көз тірісінде еркелетіңіз, еркелеңіз. Еш ренжімеңіз, ренжіспеңіз. Ылғи да әкенің, анаңыздың берген батасы мен тілегімен жүріңіз.

Ол кісілердің батасы біздің сауытымыз, қорғанымыз. Кешіре біліңіз. Кейде әке-шешеме кішентай балаша еркелеймін қазіргі кезде. Кейде өзімше үлкен адамдарша көшті бастаймын. Өмір сұлу", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдіріп жатыр.

"Әкең мен анаң болса, дүниеде сенен бақытты адам жоқ. Алла ұзақ өмір берсін", "Сіздей перзент туған ата-анаға мың алғыс .Мықты тәрбие, иманды жүрек берген Аллаға мың шүкір", "Қандай жылы фото. Қанша жыл өтсе де, әкеңізбен арақатынасыңызды түзегеніңіз жақсы болыпты", "Керемет көрініс! Дұрыс айтасыз! Ата-анамыз аман болсын, ғұмырлары ұзақ болсын! Олар барда біз баламыз, қаншада болсақ та", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974868-balasa-erkeleimin-aigul-imanbaeva-ata-anasymen-qarym-qatynasyna-toqtaldy/

pixel