Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты анамын": Алтынай Жорабаева қос қызын туған күнімен құттықтады (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева күліп тұр
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева бір күнде дүние есігін ашқан қос қызын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жолдады. Бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отырған әртіс өзін бақытты ана екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алтынай Жорабаева қос қызына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі қос қызғалдағына ұзақ ғұмыр тілеп, оларға деген шексіз аналық махаббатын жеткізді.

"Қос құлыным. Қос қызғалдағым. Туған күндерің құтты болсын алтындарым. Алланың қалауымен Аяулым 20-ға, Семанұр 13-ке толды. Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Екі дүниенің абыройын, бақытын берсін. Аллама сансыз шүкірлер. Бақытты анамын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары құттықтаулар легін жалғастырып, әншінің қыздарына өз тілегін жолдады.

"Алла бақтарын ашсын. Сенің берген тәрбиеңмен тек алға ұмтылады ғой. Ақылды, сұлу, инабатты сабырлы құлыншақтар. Жаратқан тілеген тілектеріңді қабыл етсінші", "Құтты болсын. Алла тағалам бастарына бақ берсін. Бақытты қыздар болсын. Рахатын көр қыздарыңның", "Екі дүниеде де жүздері жарық болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974871-baqytty-anamyn-altynai-zorabaeva-qos-qyzyn-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/

pixel