Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова алты жасқа толған ұлының туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

Мәдина Сәдуақасова
Мәдина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өткен. Өнер иесі баласының барша достарын жинап, оған естен кетпес мерекелік кеш ұйымдастырып берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова тұңғышының жаңа жасын қалай атап өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы туған күн кешіне тек ет-жақындары мен ұлының достарын шақырған.

Өнер иесі қонақтарына үлкен дастархан жайып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ол перзентінің туған күніне орай арнайы аниматорларды жалдап, кеш меймандарына түрлі ойындар ойнатқан.

Әнші желіде туған күннен суреттер жариялап қойды.

Желі қолданушылары әртістің баласын жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдады.

"Туған күндеріңіз құтты болсын. Болашағы жарқын азамат болсын", "Бақытты балалық тілейміз. Өскенде анасы мен әкесіндей елге сыйлы азамат болсын", "Әнуардың жаңа жасы құтты болсын. Енді басты тілек артынан қарындасы мен інілері ере берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974949-madina-saduaqasova-alty-zasqa-tolgan-ulynyn-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto/

pixel