Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таксист болдық, жеткізу қызметінде істедік": Әнші Бауыржан Исаев пандемия кезін есіне алды

Жарияланған күні:

Бауыржан Исабаев
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Елімізге пандемия келген бойда көптеген адам жұмыссыз қалып қойды. Тұрақты табысынан айырылғандар арасында әншілер қауымы да бар. Той-томалақтардан ақша тауып жүрген кей жұлдыздар пандемияда такси жүргізушісі болып қызмет еткен. Бұл туралы әнші Бауыржан Исаев айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бауыржан Исабаев отбасын асырау үшін пандемия кезінде такси жүргізушісі болып, жеткізу қызметінде де жұмыс істеген. Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.

Сөзінше, көптеген өнер өкілі ел басына қиын кезең түскенде түрлі жұмыспен айналысуға мәжбүр болған.

"Тек қана біздің емес, қазақ елінің басына түскен үлкен сынақ болды. Той мен концерттер тоқтағаннан кейін, бәріміз үйде отырып қалдық. Жасыратыны жоқ, таксист де болдық, жеткізу қызметінде де жұмыс істедік. Алматыдағы әншілердің жартысы таксиде жүрді. 

Нұр-Сұлтанда құрылыста істейтін жақын досым бар. Соның өзі: "Маған біраз тамада, әншілер келді. Қиналып қалғандарын айтып, жұмыс сұрады. Кафель қоямыз, левкас жағамыз дегендей", –  деді. Тең жартысы әншілер деді. Өзім үйде жата алмадым. Он екі мүшем сау, астымда көлігім бар. Жинаған қорым да болған жоқ. Жақсы тұрамыз. Әлхамдулиллях", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975035-taksist-boldyq-zetkizu-qyzmetinde-istedik-ansi-bauyrzan-isaev-pandemiya-kezin-esine-aldy/