Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саналы шешіміміз болды": Атышулы Ninety one тобы A.Z-ді топқа қайта қабылдамайтынын кесіп айтты

Опубликовано:

Ace - Азамат Ашмақын
Видеодан кадр: Youtube/AdminAnon

Ninety One тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев бұрынғы ұжымына қайта оралғысы келетінін айтты. TikTok желісінде тіпті рэп орындаушының топқа оралуға ниетті екенін білдірген видеосы да тарап кеткен. Алайда атышулы топтың қазіргі мүшелері оны қатарға қайта қабылдауға дайын емес болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ninety One әншілері көпшіліктің Азамат Зенкаев жайлы қойып жатқан толассыз сауалдарынан кейін бұл мәселеге нүкте қоюды шешкен. Олар жұмысты төрттік ретінде жалғастырғанды жөн көретінін кесіп айтты.

Топ мүшелері бұрынғы әріптесімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған. Алайда қайта бірігуге дайын емес. Олар осымен бұл сұрақты қазбалауды доғаруды сұрады.

"Бұл тақырып біз үшін табу. Біз айтқымыз келмейді. Біз де A.Z-ді қосқымыз келеді. Бірақ өмірде өткен кей сәттерден, қиыншылықтардан кейін энергетика жағынан төртеуіміздің жарасатынымызды іштей мойындадық. 

Төртеу болып қалу біздің саналы шешіміміз болды. Бұл Азаны шеттету немесе оған ақымызды бергіміз келмеу емес, бесеу болсақ тіпті, жақсы. Бірақ бесеуіміз бақытты боламыз ба, төртеуіміз бақытты боламыз ба деген сауал бар. 

A.Z-ді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Кезінде біз бесеу болдық, бірақ қазіргі уақытта "91" - төрт жігіттен тұрады. Ол кезінде шешімін қабылдады, біз оны сыйладық. Шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз. Нақтысы осы, бұл сұрақты келесіде қазбаламай-ақ қояйық", - деді Аce "AdminAnon" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975189-sanaly-sesimimiz-boldy-atysuly-ninety-one-toby-az-di-topqa-qaita-qabyldamaitynyn-kesip-aitty/

pixel