Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік танымал әнші қайтыс болды

Опубликовано:

Пьер Нарцисс
Пьер Нарцисс. Фото: instagram.com/pierrenarciss

Ресейлік танымал әнші Пьер Нарцисс 45 жасында өмірден озды. Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде әртістің қызы жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әкешім барлығы үшін рахмет. Енді әркез қасымнан табылмайтыны өкінішті. Бірақ кейінгі өміріңізде де, жұмақта да, сізде бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деп жазды әншінің қызы Каролина-Кристель Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Пьер Нарцисс 1977 жылы Камерунда дүниеге келген. Кейін Ресейге қоныс аударған. Өнер иесі әнші ретінде "Фабрика звезд" атты музыкалық жобадан кейін танымал бола бастады.

Оны жұлдыз еткен хит әні - "Шоколадный заяц". Әншінің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975233-reseilik-tanymal-ansi-qaitys-boldy/