Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Композитор Мұрат Құсайынов академик атағын алды

Опубликовано:

Мұрат Құсайынов
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

"Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Мұрат Құсайынов академик атағына ие болды. Белгілі композитордың ерекше марапаты жайында ансамблдің ресми Instagram парақшасынан белгілі болды.

"Дос-Мұқасан" мүшелері ансамблдің көркемдік жетекшісін бұл жетістігімен құттықтап, өз тілегін жолдады.

"Дос-Мұқасан" ансамблінің ұжымы біздің көркемдік жетекшіміз, ансамблдің негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайыновты мәртебелі Академик атағын алуымен шын жүректен құттықтайды! 55 жыл "Дос-Мұқасанмен" бірге қайнасып келе жатқан Мұрат Құсайыновты біз әрқашан биік тұғырдан көрейік! Денсаулығыңыз мықты болып, ұзақ та, белсенді өмір сүруіңізге тілектеспіз", - деп жазылған жазбада.

Желі қолдаунышары құттықтаулар легін жалғастырып, Мұрат Құсайыновқа жылы лебізін білдірген.

"Құтты болсын, аға. Лайықсыз", "Марапат құтты болсын. Еңбегіңіз елене берсін", "Құтты болсын, аға, марапатыңыз! Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық берсін", "Лайықты марапат", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975314-kompozitor-murat-qusaiynov-akademik-atagyn-aldy/

pixel