Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең әдемі жұп": Тоқтар мен Бейбіт демалыстан романтикалық суретін жариялады

Жарияланған күні:

Тоқтар Серіков әйелімен
Фото: Instagram/toktar_beibit

Отандық эстрададағы жарасымды жұптардың бірі - Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева желіде демалысынан бірге түскен суретін жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға сүйсініп, оларға ыстық ықыласын аямады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоқтар мен Бейбіт отбасылық демалысының суреттерін Instagram желісінде жариялаған. Онда жұлдызды жұптың көл жағасында құшақтасып, бір-біріне деген сезімін білдіріп тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әртістерге тәнті болып, олардың махаббаты жылдар өтсе де, күшейіп жатқанын жазуда. Кейбір оқырмандар оларға деген сағынышын білдіріп, алдағы уақытта концерт беруін сұрауда.

"Асылдарым", "Көз тимесін", "Ең жарасымды жұп. Сіздерге ризамын. Нағыз үлгілі отбасы", "Концерт бермей кеттіңіздер ғой. Сағынып қалдық", "Жылдар бойы күшейе түскен махаббат", "Аман болыңыздар. Жұптарыңыз ажырамасын", "Менің әншілердің арасындағы сүйікті жұбым. Өте бір жарасымды жұпсыңдар. Сендерді көрсем, әндеріңді тыңдасам, бір демалып қалам", "Өте әдемі жұп. Бақытты болыңдар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975385-en-ademi-zup-toqtar-men-beibit-demalystan-romantikalyq-suretin-zariyalady/