Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қош бол, жастық шағымның тәтті үні": Отандық жұлдыздар Юрий Шатуновтың қазасына көңіл айтуда

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Танымал ресейлік әнші Юрий Шатуновтың қазасы барша өнер қауымына ауыр соққы болды. Қазақстандық эстрада жұлдыздары да аңыз әртіспен қимай қоштасуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында Юрий Шатуновты еске алып, бала күнінен бері оның жанкүйері болғанын айтты.

"Бір заманның түлегі болсақ та, ол өте ерте танымал болды. Жедел жәрдем көлігінде дүние есігін ашып, сол көлікте 48 жасында өмірден өтті. Тыным таппай, тек шығармашылықпен айналысты. Әділдік іздеп, әндерінің құқығын алам деп арпалысты. Осыдан 4-5 күн бұрын ғана сүйінші жаңалығымен бөлісіп еді. Әндерімнің орындаушысы ретінде барлық құқық енді менде деп…. Өкінішті. Ерте кетті.

Дәл осы клиптегі жігітке 7-сыныптан бастап фанат болғам. Суреттерін газет, журналдардан қиып алып, үйдің қабырғасына жабыстырып. Отбасы бақытын, ата-ананың махаббатын көрмесе де, өз жанұясына адал болды. Әндері мәңгілік тарих бетінде қалған үлкен жүректі Юра", - деп жазды ол.

Алтынай Жорабаева да хит әндердің орындаушысы туралы әсерлі жазба қалдырды.

"1972, 1974 жылғы әпкелерімнің жастық шағында үйдегі "Романтик" магнитофонынан "Ласковый май" тобының әншісі, Юрий Шатуновтың әндері көп қойылатын. Ол кезде 6-7-8 жаста едім. 1986 жылдан бері Кеңес үкіметі жастарының жүрегін жаулаған, жағымды, әдемі дауысты жұлдыздың 48 жасқа келіп, дәм-тұзы таусылған екен. Жаратушымызға қайтарылыпты. Біліп-білмей жасаған күнәсін кешірсін. Кәдімгідей біртүрлі көңіл-күйім түсіп отыр", - деді әртіс.

Меруерт Түсіпбаева да бұл қаралы жаңалықты ауыр қабылдағанын айтты.

"Қош бол, жастық шағымның тәтті үні", - деп жазды ол.

Димаш Құдайберген де Юрий Шатуновпен қимай қоштасты.

"Сөзім жоқ. Бір саханада әлі талай бірге өнер көрсетеміз деп ойлап едім. Жаныңыз жәннатта болсын. "Детсво" үшін сізге рахмет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975513-qos-bol-zastyq-sagymnyn-tatti-uni-otandyq-zuldyzdar-yurii-satunovtyn-qazasyna-konil-aituda/

pixel