"Некемізді қидық": Ninety One әншісі үйленгенін растады
Жарияланған күні:
Атышулы Ninety One тобының әншісі Батырхан Мәліков өзінің жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі бүгінде отбасылы екенін мойындады. Ол сүйіктісімен мешітте некесін қидырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Батырхан Мәліковтың таңдауы Вероника есімді аруға түскен. Желідегі мәліметтерге сәйкес, бойжеткен кезінде Ninety One тобының менеджері қызметін атқарған.
Қос ғашық алдағы уақытта заңды түрде некеге тұруға ниетті. Топ мүшесі Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, алғаш рет ғашығы туралы айтып берді.
"Заңды түрде емес, тек некемізді қидық. Бұл біріншіден тұйықталып жүрген кездер еді. Ешкімге айтпай кетіп қалғанмын. Тек балаларға ғана айттым. Екіншіден, біз бұл жайлы ойламаушы да едік. Үйде ата-анам "жасың келді, қашан үйленесің?" деп айта беретін болды. Қызыңмен таныстыр, кіммен жүріп жүрсің" деген сұрақтар көбейді. Туыстардан қысым болды.
Таныстырдым, артынан туыстарым "енді неке қиып алыңдар" деді. Негізі біз әзірге осылай жүре береміз, кейін үйленеміз деп ойлағанбыз. Көбіне жұмысты ойлап жүрдік. Үй алуды ойлап жүрдік. Сосын бір күні осындай ой келді. Некемізді қиып аламыз, өзімізге де жақсы. Құдайдан рұқсатымызды сұрап аламыз деген сияқты.
Мүмкін бірге тұрамыз деген ойлар болды. Мүмкін ата-аналарымызды осымен тыныштандырамыз деп ойладық. Вероника бірден келісті. Ол ерекше адам. Маған сенімділік беретін қыз. Ол өте ақылды, сезімге беріле бермейді. Сонымен қатар ол момын, кез келген нәрсені нақты өз көзі жеткізіп білетін адам. Мен біраз түсінбеген нәрсемді Никадан сұрап түсініп аламын. Өте жақсы адам, ең әдемі. Заңды түрде үйлену жоспарда бар. Оған үлкен той жасау керек, көптеген сый жасау керек. Қыруар қаржы керек. Өз уақыты келеді. Сол кезде жасап жіберемін", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975526-nekemizdi-qidyq-ninety-one-ansisi-uilengenin-rastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.