Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды

Опубликовано:

Юрий Шатунов
Юрий Шатунов. Фото: instagram.com/yuriy_shatunov

Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды. Мәскеу маңында демалып жатқан әншінің басындағы жайт медициналық мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Даңқты әншінің өліміне жүрек талмасы себеп болған. Бұған дейін БАҚ-та әнші менеджерімен бірге демалып жүргенде аяқ астынан жүрегі ұстағаны жазылған еді. Дәрігерлер оған көмектесіп үлгермеген.

Shot Telegram арнасы Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видеоны жария етті.

"Бұл кадрлардан әншінің өміріндегі соңғы сәттерді көруге болады. Юраны достары Растуново ауылындағы ауруханаға әкелген. Сол жерде он минуттай отырып, әншіні жедел жәрдеммен Домодедоводағы ауруханаға жібереді. Бұл шамамен 20 минуттық жер. Жедел жәрдем көлігінде даңқты әншінің жүрегі тоқтап қалды", - делінген хабарламада.

Әншінің Instagram-дағы парақшасында Юрий Шатуновпен қоштасу 26 маусым күні өтетіні хабарланған.

Айта кетелік, соңғы екі айда Шатунов 26 концерт өткізген. 2022 жылдың күз айларында ол Сібірде үлкен тур өткізуді жоспарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975529-ansi-yurii-satunovtyn-omirinin-songy-satinen-video-zariyalandy/

pixel